Дүниежүзілік демікпемен күресу күні – Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) қолдауымен демікпе бойынша жаһандық бастамасы айдарымен мамыр айының бірінші сейсенбісінде өтетін жыл сайынғы іс-шара.

Іс-шараның мақсаты халық пен пациенттердің арасында бронх демікпесі туралы білімді арттыру, профилактика туралы хабардар ету, аурудың жаңа жағдайларын ерте кезеңде анықтау, науқастарға медициналық көмек көрсету сапасын арттыру болып табылады.
Демікпе – созылмалы ауру, ол мезгіл-мезгіл қайталанатын тұншығу және ысқырықты ұстамалармен сипатталады, олардың ауырлығы мен жиілігі адамдардың арасында әртүрлі болады.
Демікпе – бұл балаларға да, ересектерге де әсер ететін ауыр инфекциялық емес ауру (ИЕА).
Өкпедегі ұсақ тыныс жолдарының қабынуы мен тарылуы демікпе белгілерін тудырады, бұл жөтел, ысқырықты сырылдар, ентігу және кеуде қуысының қысылуының кез келген комбинациясы болуы мүмкін.
2019 жылы әлемде демікпеден 262 миллион адам зардап шекті және 461 000 өлімнің себепшісі болды.
Бронх демікпесі балалардың арасында ең көп таралған созылмалы ауру. Ингаляциялық дәрі-дәрмектер демікпе белгілерін бақылай алады және демікпемен ауыратындарға қалыпты белсенді өмір сүруге мүмкіндік береді. Демікпе триггерлерінен аулақ болу демікпе белгілерін азайтуға көмектеседі.
Қазақстанда демікпемен сырқаттанушылық тұрақты өсу үрдісіне ие. Егер 2017 жылы 100 мың қазақстандыққа орташа есеппен 93,4 демікпе ауруы, 2018 жылы – 97,2, 2019 жылы – 102,8, ал 2020 жылы бұл көрсеткіш 126,1 құрады.
ҚР-да диагностикалық есепте тұрған бронх демікпесі бар науқастардың саны 5 жылдың ішінде 2017 жылы 72 815-тен 2021 жылы 109 384-ке дейін өсті, алайда МСАК-та есепте тұрған науқастардың көбеюіне қарамастан, осы жылдардың ішінде емдеуге жатқызу саны төмендеу үрдісіне ие болды, оны менеджменттің жақсаруы ретінде және МСАК-та бронх демікпесі бар пациенттерді динамикалық бақылауға болады.
Балалардың арасында 2020 жылы 100 мың адамға шаққанда 132,2 сырқаттанушылығы бар 14 жасқа дейінгі балалар ең осал жас болып қала береді.
Қалаларда тұратын адамдарда бронх демікпесі аудандарға қарағанда 2 есе жиі кездеседі. Мәселен, 2020 жылы ҚР қалаларында демікпе жиілігі 156,3, ал аудандарда – 100 мың тұрғынға шаққанда 82,8-ді құрады. Бұл статистика басқа елдердің көрсеткіштеріне өте ұқсас және урбанизация факторларының әсерімен ғана емес, сонымен қатар қалалық жағдайда демікпенің жақсы диагнозымен де байланысты болуы мүмкін.
Денсаулық сақтауды дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде бронх демікпесінен сырқаттанушылықты, асқынуларды және халықтың өлімін азайту мақсатында Министрлік дәлелді медицинаға негізделген созылмалы ауруларды динамикалық бақылау және басқару бағдарламаларын енгізе отырып, МСАК-ты күшейту бойынша жұмыс жүргізуде.
Бронх демікпесі тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету министрлігінің басым бағыттарында орналасқан және қажетті базистік ингаляциялық құралдардың барлық спектрін қамтиды.
Қазақстаннан айырмашылығы, көптеген елдерде ингаляторларға қол жеткізу проблема болып табылады, сондықтан ДДҰ мәліметтері бойынша 2019 жылы демікпесі бар әлемдегі адамдардың жартысы ғана бронходилататорларға қол жеткізе алды, ал кемінде бесеуінің біреуі ғана табысы төмен елдердегі мемлекеттік медициналық-санитариялық алғашқы көмек мекемелерінде стероидты ингаляторларға қол жеткізе алды.
Министрлік демікпені диагностикалау мен емдеуді әртүрлі тәсілдермен кеңейту үшін, оның ішінде демікпені бағалау, диагностикалау және емдеудің клиникалық хаттамаларын әзірлеу және енгізу, мамандарды демікпені емдеудің қазіргі заманғы қағидаттарына оқыту, халықтың арасында ақпараттық жұмыс түрінде шаралар қабылдайды.

БӨЛІСУ