Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес Ауыл халқының табысын арттыру жөніндегі бағдарламасы қабылданып «Ауыл аманаты» ауыл халқының табысын арттыру жобасын іске асыру және осы жобаға қатысуға қызығушылық таңытқан үміткерлерге сүйемелдеу оның ішінде; құжаттарын жинақтау, бизнес жоспарын дайындау және қаржы ұйымына ұсыну мақсатында аудан әкімінің өкімімен жұмысшы тобы құрылып «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы аудандық филиалының ғимаратында жүзеге асырылуда.
Аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінен бекітілген маман Әлайдаров Жәнібек Пірімжанұлы (8-72436-79-1-79, 8-701-754-50-26) сұрақтарыңыз бойынша байланыс телефондарына хабарласуға болады.
Шағын несие берудің негізгі шарттары:
1) микрокредит мерзімі – 5 (бес) жылға дейін, мал шаруашылығы саласындағы жобалар үшін микрокредит мерзімі – 7 (жеті) жылға дейін;
2) микрокредиттің ең жоғары сомасы – ауылдық елді мекендерде және шағын қалаларда – 2,5 мың айлық есептік көрсеткішке дейін (8,6 млн.теңге), зәкірлік кооперацияны дамыту үшін – 8,0 мың айлық есептік көрсеткішке (27,6 млн. теңге) дейін;
3) номиналды сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 2,5 (екі жарым) пайыздан аспайды;
4) кепілмен қамтамасыз етудің болуы;
5) негізгі борыш пен сыйақыны өтеу бойынша жеңілдікті кезең микрокредит беру мерзімі ұзақтығының 1/3 (үштен бірінен) аспайды;
6) Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес салық органдарында тіркеудің болуы.
Бұдан бөлек, микрокредиттер беру тәртібі, микрокредитті қамтамасыз етудің негізгі шарттары, тәсілдері, үміткерлердің санаттары, қарыздардың мерзімдері мен сомалары сенім білдірілген өкілдің (агенттің) шешімімен белгіленеді және кредиттік шартта көрсетіледі.
Негізгі талаптары:
Несие алушының жеке кәсіпкер болып тіркелуі;
Басқа да несиелер бойынша мерзімі өткен жарнаның болмауы;
Мемлекеттік кірістер органдар алдында берешектің болмауы;
Несие алушының жасы зейнеткерлік жастан аспауы тиіс;
Несиені кепілмен қамтамасыз ету;
Ауыл шаруашылығын жүргізу үшін қажетті жағдайлардың болуы (жер телімі, қора және т.б.);
ӘКК-мен бірлесе құрылған ауыл шаруашылық өндірістік кооперативіне мүшелікке кіру;
Қаржыландырылған жоба аясындағы өндірілген өнімді ауыл шаруашылық өндірістік кооперативке өткізу.
Несие алу алгоритмі:
Сенім білдірілген өкіл (агент) микрокредит алуға үміткер ұсынған құжаттардың мазмұны мен мәліметтерін тексеру мерзімі барлық қажетті құжаттармен бірге өтініш тіркелген күннен бастап 3 жұмыс күнін құрайды.
Құжаттар мен олардағы мәліметтер микрокредит беру шарттарына сәйкес келмеген жағдайда сенім білдірілген өкіл (агент) қайтару себептерін көрсете отырып микрокредит алуға арналған құжаттар топтамасын қайтарады.
Құжаттар микрокредиттер беру талаптарына сәйкес келген жағдайда 15 жұмыс күні ішінде ұсынылған бизнес-жобаға бағалау жүргізеді және микрокредитті мақұлдау не беруден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
Мақұлданған жағдайда үміткермен микрокредит беру туралы шартқа қол қояды, содан кейін микрокредитті оның ағымдағы шотына аударады.