1 Мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай орталық алаңда мерекелік шара өтті.

Шараға аудан тұрғындары мен ардагерлер және ауданымызды мекендейтін түрлі ұлт пен ұлыс өкілдері қатысты. Алдымен, жиылған жұртшылыққа әр түрлі халықтардың ұлттық болмасын дәріптейтін қолөнер бұйымдары көрмесі таныстырылып, кейінен шара мерекелік қойылымға ұласты.

Мерекеге жиналған жұртшылықты аудан әкімі Нұржан Сәбитұлы Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесімен құттықтап, ізгі тілегін білдірді. Мұнан соң, мерекелік шара ел бірлігін, ұлттар достығын паш еткен концерттік бағдарламамен жалғасты.

Шиелі ауданы әкімінің баспасөз қызметі

БӨЛІСУ