Қызылордалық полицейлер кезекті жеңістеріне қол жеткізді.

Ағымдағы жылдың 20-22 сәуір күндері Петропавл қаласында қазақ күресінен Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің және «Динамо» ДШСҚ спартакиадасы өтті.
Жарыс алты салмақ дәрежесі бойынша өтті. Аталмыш чемпионатқа Қызылорда облысы Полиция департаменті құрамасы атынан Жылдам қимылдайтын арнайы жасағының взвод командирі, полиция капитаны Ержан Абдуллаев қатысып, бағын сынады.
90 килограмм салмақ категориясы бойынша Ержан Абдуллаев 2 орынды жеңіп алды.
Айта кетерлік жайт, Дзюдо және самбо күресінен Қазақстан Республикасының спорт шебері полиция капитаны Ержан Абдуллаев 2015 жылы жекпе-жек сайысынан ҚР ІІМ чемпионатында 2-орынды иеленсе, 2017 жылы Америка құрама штаттарында өткен Бүкіләлемдік полицейлер мен өрт сөндірушілер арасында өткен әлем чемпионатында ел намысын қорғап, дзюдо күресінен 3-орын, греплинг күресінен 2-орынды жеңіп алды.
Сол сияқты, 2018 жылы самбодан өткен ел чемпионатында топ жарса, осы жылы Алматы қаласында дзюдодан өткізілген «Конфедерация кубогінде» командалық 3-орынға қол жеткізген.

БӨЛІСУ