Қызылордалық полицейлер «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс- шарасы барысында 1242 құқық бұзушылық анықталды.

Қызылорда облысы аумағында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу және ескерту мақсатында Қызылорда облысы Полиция департаментімен «Құқықтық тәртіп» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Іс- шараның барысында 18 қылмыс ашылып, 1242 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды.
Оның ішінде 61 ұсақ бұзақылық тіркеліп, қоғамдық орындарда мас күйінде жүрген 111 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Автокөлікті масаң күйде басқарудың 11 дерегі анықталды. Тыныштықты бұзу – 63, кәмелетке толмаған заңды өкілінсіз түнгі уақытта жүру – 123 дерек орын алды.
Іс-шара барысында қоғамдық орындар мен қала көшелерінде құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу бойынша қосымша шаралар қабылданып, жаяу жасақтардың патрульдеуі күшейтілді.

БӨЛІСУ