Бүгін Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі Ғани Бектайұлы Бейсембаев Жалағаш ауданына жұмыс сапарымен келді. Жұмыс сапары барысында №118 орта мектеп жұмысымен танысып, оқушылар тасымалына арналған автобус табыстады.

– Кездесу барысында ауылдың білімді балаларына арналған білім олимпиадаларын ұйымдастыру қолға алынып жатқанын, мектеп асханасының мәзіріне ұлттық тағамдар кірістірілетінін, бұл білім ұясы мен балабақшадағы бүлдіршіндердің денсаулық жағдайын жақсартатынын жеткізді. Жұмыс сапарын қорытындылай келе, ауданның даму жолындағы жобаларға сәттілік тілеп, ел болашағын тәрбиелеуші бүгінгі мұғалімдер екенін айтты.

Ендігі кезекте Таң ауылы, Жаңақоныс елді мекенінің оқушылыры білім мекеніне заманауи жаңа көлікпен қатынайды.

Жалпы аудан бойынша білім саласына ерекше мән берілген. Атап айтқанда, 2022 жылы Жалағаш кентінен 200 орындық оқушылар үйі мен 50 орындық өнер мектебі, демеушілер есебінен 5 елді мекенде жалпы құны 42 млн теңгені құрайтын 6 балалар ойын алаңы салынды.
40,8 млн. теңгеге 5 мектеп жаңа модификациялық кабинеттермен қамтылса, биылғы жылы 4 мектепті қамту жоспарланған.

2023 жылы Таң, Мақпалкөл, Далдабай елді мекендеріндегі балалар ойын алаңына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілмек. Сондай-ақ, жоба-сметалық құжаттары дайын №123 мектеп-лицейге қосымша ғимарат салу, №31 және №33 мектептерді күрделі жөндеуден өткізу жұмыстары жүргізіліп, «Жайлы мектеп» Ұлттық жобасы аясында Жалағаш кенті орталығынан 300 орындық жаңа мектеп құрылысын салу жоспарлануда. Бұл бағытта 1,3 га жер телімі бекітіліп берілді. Қазіргі таңда жоба-сметалық құжаттары әзірленіп, құрылыс жұмыстары 2024 жылы басталатын болады.

БӨЛІСУ