Облыс әкімінің орынбасары Балмейір Сансызбайұлының төрағалығымен өткізілген мәжілісте облыстық прокуратураның өнім берушілердің жосықсыз қатысушылар тізбесіне уақытылы енгізбеу және жергілікті атқарушы органдардың жосықсыз қатысушы деп тану туралы талап арыздарын негізсіз қараусыз қалдыру жөнінде өтініштер келтіру фактілері бойынша заң бұзушылықтарды жою туралы ұсынулары қаралды.
Мәжіліске облыстық прокуратураның өкілдері, облыстық басқармалардың басшылары, Қызылорда қаласы мен аудан әкімдерінің орынбасарлары, сондай-ақ облыстық басқармаларға ведомстволық бағынысты мекемелердің басшылары қатысты.
Мәжілістің күн тәртібіне сәйкес хабарлама жасаған мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы Бауыржан Шаменов облыстық прокуратураның ұсынуларында көрсетілген заң бұзушылықтарға тоқтала отырып, оларды жою бойынша атқарылған жұмыстарды баяндады.
Мәжіліс соңында облыс әкімінің орынбасары көтерілген мәселелердің өзекті екенін жеткізіп, облыстық басқарма басшыларына, қала және аудан әкімдерінің орынбасарларына мемлекеттік сатып алу саласында заңдылықтың бұзылуын алдағы уақытта болдырмауға бағытталған нақты іс-шараларды қабылдауды және заң бұзушылықтарға жол берген қызметкерлердің тәртіптік жауапкершіліктерін қарауды тапсырды.

БӨЛІСУ