Ауданда құқық бұзушылық пен топтық төбелестің алдын алу мақсатында ұйымдастырылған рейдтік жұмыстардың нәтижесі көңіл қуантарлықтай. Әдепкідей емес, түнгі мезгілде ата-анасының қарауынсыз жүрген кәмелетке толмаған жастардың қатары сейіліп келеді.

Мұның барлығы аудан әкімі Мұхтар Оразбаевтың тапсырмасына сәйкес бөлінген топтардың күнделікті түсіндірме жұмыстарына асқан жауапкершілікпен қарауында болып отыр.

Жастарды тәртіпке шақырушы құрамның кезекті жетекшісі – аудан әкімінің кеңесшісі Бақытжан Дүзелбайұлы.

Бірлескен топ бірінші ойын-сауық орталықтарына аялдады. Бұдан соң түнгі клубтар мен ойын алаңдарына бас сұқты.

Бақытжан Дүзелбайұлы рейд барысында кездескен жеке кәсіпкерлерге кәмелет жасқа толмаған өскіндердің беймезгіл уақытта аталған нысанға кірмеуін еске салды.

Түсіндірме тобының құрамын Әйтеке би кенті әкімдігі, аудандық білім бөлімі және өзгеде сала қызметкерлері толықтырды.

©️Қазалы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

БӨЛІСУ