Cыбайлас жемқорлық заң бұзушылықтың алдын алу мәселелері талқыланды.

«АМАNАТ» партиясы Қызылорда облыстық филиалы жанындағы Мемлекеттік басқаруды дамыту және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Қоғамдық кеңес төрағасы Мақсұт Нәлібаевтың төрағаларымен партия алаңында Қызылорда облысы бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаментіне қарасты мекеме жеке құрамы қызметкерлерімен кездесу өтіп, сыбайлас жемқорлық заң бұзушылықтың алдын алу және оның салдарын талдау мен түсіндіру, жемқорлық заң бұзушылығын тудыратын себептер мен факторларын талдап, қызметкерлердің арасында сыбайлас-жемқорлық әрекеттеріне жол бермеу және алдын-алу бойынша ұсыныстар мен кеңестерімен бөлісті.

Кездесу соңында қатысушылар бір ауыздан сыбайлас-жемқорлық заң бұзушылығына барудың салдарының өте ауыр болатынын, қылмыстық жауакершілікке, жұмыстан қуылу, отбасылық қиыншылықтарға, бір сөзбен айтқанда жемқорлық әрекеттер әрбір қызметкердің болашағына балта шапқанымен бір деген қорытындыға келді.

БӨЛІСУ