«Құқықтық көмек» : Заңгерлер партия алаңында қабылдау өткізді.

«AMANAT» партиясының «Құқықтық көмек» жобасы шеңберінде облыстық партия филиалында жергілікті жердегі азаматтарға заңгерлік көмек көрсету бойынша тақырыптық қабылдау өтті.

Қабылдауды Қызылорда облыстық әділет департаментінің бөлім басшысы Айгүл Қосбергенова, Түркістан-Қызылорда облыстары бойынша заң консультанттары палатасының заңгері Қарлығаш Ибрагимова және облыс бойынша жеке сот орындаушылар Өңірлік палатасының жеке сот орындаушысы Дастан Сейітқалиев жүргізді.

Заңгерлердің қабылдауында болған азаматтар еңбек құқығы, несие тарихының бұзылуы, есепшоттарды бұғаттан шығару және т.б мәселелерді көтерді.

Тұрғындардың талап-тілектері тыңдаған заңгерлер ҚР қолданыстағы заңнамалары аясында құқықтық көмек көрсетіп, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

БӨЛІСУ