«Мемлекеттік тілдің қолданылуы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Мемлекеттік тілдің қолданылуы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
Сот төрағасы А.А.Сабыровтың төрағалық етуімен өткен дөңгелек үстелге кеңсе қызметкерлері, Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің өкілі, адвокаттар, Түркістан-Қызылорда облыстары бойынша өңіраралық заң консультанттары палатасынан палата мүшелері қатысты.
Дөңгелек үстелде психолог-инспектор А.Ж.Әбдраманова тақырып аясында баяндама жасады. Ол өз баяндамасында қазақ тілі – біздің рухани негізіміз, біздің міндетіміз – оны барлық салада белсенді пайдалана отырып дамыту, тілдің қолданылу аясын арттыруға күш салу екендігін, сонымен қатар қазіргі таңда мемлекет тарапынан тілдік қорымызды үздіксіз жетілдіріп отыру үшін заңдар қабылданып, бағдарламалар жасалып жатқандығын айтып өтті.
Статистика бойынша 2022 жылдың 12 айында, 550 талап қою түскендігін, оның ішінде 485-сі (яғни 88,8%) қазақ тілінде, 65-сі орыс тілінде түскендігін және 2023 жылдың 3 айында 150 талап қою түскендігін оның ішінде 141-і (яғни, 93,4%) қазақ тілінде, 9-ы орыс тілінде түскендігіне тоқталды.
Дөңгелек үстел барысында көптеген сұрақтар талқыланып, оларға жауап берілді, қатысушылар өзара пікір алмасып, алдағы уақытта қазақ тілінің қолданыс аясын барынша кеңейту бойынша ұсынымдарын ортаға салды.