Қылмыстық істердің сотқа дейінгі тергеп-тексеру жағдайын талқылау туралы және азаптау әрекеттеріне жол бермеу іс-шаралары белгіленді.
Шиелі ауданы прокуратурасының ұйымдастыруымен қылмыстық істердің сотқа дейінгі тергеп-тексеру жағдайын талқылау және азаптау әрекеттеріне жол бермеу іс-шараларын белгілеу туралы жедел мәжіліс өткізілді.
Жалпы ауданда ағымдағы жылдың 3 айында тіркелген қылмыстар саны өткен жылмен салыстырғанда 13%-ға (46/40) төмендеген.
Тіркеуге алынған қылмыстардың 100 %-ының электронды форматта сотқа дейінгі тергеп-тексерілуі жүзеге асырылған.
Үш буынды модель аясында қабылданған 123 (құқық бұзушылықты саралау – 22, қайта саралау – 2, күдіктіні тану-14, тоқтату, мерзімін үзу – 21, қылмыстық теріс қылық туралы хаттама – 3, бұйрықтық іс жүргізу қаулысы – 3) шешім бекітіліп, келісілген.
17 қылмыстық іс айыптау актісімен сотқа жолданып, нәтижесімен сотталушыларға сот үкімдері шыққан.
Мәжілісте баяндама жасаған аудан прокурорының орынбасары Е.Алтынбай және аудандық полиция бөлімі бастығының тергеу саласына жетекшілік ететін орынбасары Б.Әбілдаев қылмыстық істердің сотқа дейінгі тергеп-тексеру шеңберінде атқарылған жұмыстар туралы және туындаған мәселелер бойынша өз ұсыныстарын білдірді.
Сонымен бірге мәжілістің екінші бөлімінде азаптауларға нөлдік төзімділік қағидатын ұстану атап көрсетіліп, адамның қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін әрекеттерді болдырмау бағытында кешенді шаралар белгіленді.
Жедел мәжілісті қорытындылай келе, аудан прокуроры Н.Қаратаев қылмыстық істерді дұрыс шешуге қажеттi және жеткiлiктi мән-жайларды жан-жақты, толық және объективтi зерттеу үшiн заңда көзделген барлық шараларды қолдануды және азаптау әрекеттерінің алдын алу бағытында профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыру жөнінде айтып өтті.
ШИЕЛІ АУДАНДЫҚ ПРОКУРАТУРАСЫ