Қызылорда облысы прокурорының бірінші орынбасары И.Төлегеновтың төрағалығымен қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінен босатылған, сондай-ақ пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға әлеуметтік және өзге де көмек көрсету, оларды жұмысқа орналастыру (квота) мәселелері бойынша уәкілетті органдармен атқарылған жұмыстар жөнінде ведомствоаралық мәжіліс өткізілді.

Мәжіліске Шиелі ауданы әкімі Нұржан Ахатов, аудандық полиция бөлімінің басшысы Дәулет Беркімбаев, пробация бөлімінің басшысы Қ.Байгенжиев және аудандық пробация және полиция бөлімі қызметкерлерімен дербес бөлім басшылары қатысты.

Кездесу барысында сотталған тұлғалардың жұмыспен қамтылуы, әлеуметтік көмек көрсету және қайта қылмыстың алдын алу мәселелері талқыланып, есептегі тұлғаларға құқықтық түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Кездесу нәтижесімен уәкілетті органдарға жазасын өтеп жүрген жұмыссыз азаматтарды тұрақты жұмысқа орналастыру, әлеуметтік бейімдеу және өзге де әлеуметтік, құқықтық көмек көрсетуді жандандыру бағытында тиісті тапсырмалар беріліп, бақылауға алынды.

БӨЛІСУ