Жанармай өткізуші кәсіпорында кездесу туралы

Техникалық реттеу және метрология комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті қызметкерлерімен  «Petro Retail» ЖШС №215 АЖС -де техникалық реттеу туралы, өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласына қатысты қолданыстағы заңнамалар мен нормативтік құжаттар талаптарына түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Кәсіпорынды аралаудың негізгі мақсаты техникалық реттеу туралы, метрология саласында Қазақстан Республикасының заңнамалары және нормативтік құжаттарының талаптарын түсіндіру және компанияның техникалық реттеу және метрология саласында проблемалық сұрақтарды анықтау болды.
Кәсіпорынды аралау кезінде департамент қызметкерлерімен техникалық реттеу туралы және өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласында жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы, сондай-ақ өнімдер мен қызметтер бойынша сәйкестікті растау процестері, кәсіпорындағы өлшем құралдарына қатысты метрологиялық талаптар туралы ақпараттар берілді.
Retail» ЖШС №215 АЖС облыс аумағында мұнай өнімдерін көтерме және бөлшек саудада өткізумен айналысады.
Кәсіпорынды аралау барысында департамент қызметкерлері техникалық реттеу туралы, өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласының нормативтік құжаттар талаптары бойынша түскен сұрақтарға толық жауаптар беріп, осы салаға қатысты бұдан әрі де өзара қарым-қатынас және заңнамалар талаптары бойынша мәселелерге түсіндірмелер берді.

БӨЛІСУ