Жалағаш АПб-нің Жпқб әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторы полиция майоры Ахметова Ұлбосын Жақсылыққызы 26.04.2023 жылы 123 Т.Жүргенов атындағы мектеп лицейінің 9-10 сыныптың оқушы қыздарымен кездесуі өтті, Мақсаты жасөспірімдердің зорлық-зомбылық туралы хабардар болу деңгейін арттыру болды. Полиция майоры Ұ. Ахметова отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық саласында қабылданып жатқан шаралар туралы айтып, семинарға қатысушыларға әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі инспекторлар қызметінің міндеттері туралы түсіндірді. Отбасындағы, оқу орындарындағы, жұмыстағы және т.б. тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілері туралы хабарлау үшін сенім телефондарының нөмірлері бар буклеттер таратылды. Сонымен қатар, құрбан болған әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғауда белсенді ұстанымын білдіріп, полицияға жәрдемдесуге ниет білдірді.

Сондай-ақ, семинарға мектеп медбикесі Р.Тасқараева қатысып, жыныстық қатынасқа ерте түсудің алдын алу, жасөспірімдер жүктілігінің қауіптілігі туралы айтты.
– Баланы алдағы өмірінде болатын өзгерістерге психологиялық тұрғыдан дайындап, ол толық қалыптасқанша ата-анасы онымен сырсыз қарым-қатынас құру өте маңызды. Көбінесе кейбір ата – аналар баламен осы тақырыпта сөйлесуге уақыт таппайды, бұл инфекция немесе жыныстық жолмен берілетін аурулар сияқты жағымсыз салдарға әкелуі мүмкін.

БӨЛІСУ