Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің нұсқауына сәйкес, Қызылорда облысы Арал ауданы, Жақсықылыш кенті, Аманалы елді мекенінде орналасқан “Аралтұз АҚ” жарылғыш заттар сақтайтын қоймасында ішкі істер органдарымен және жеке күзет мекемелерінің қызметкерлері арасында бірлескен оқу-жаттығу іс-шарасы өткізілді.

Оқу-жаттығу іс-шарасы барысында, жеке күзетпен және орталықтандырылған бақылау торабымен күзетке алған жеке күзет ұйымдарының жедел ұтқыр топ күзетшілерінің нысанның қауіпсіздігін қамтамасыз етуі, күзетілетін объектілерге жасалған шабуылға тойтарыс беруде атқаратын іс-қимылдарына нақты баға беру және экстремалдық жағдайларда тиісті дағдыларды алуы және даярлығы, күзетілетін объектілерге жасалған шабуылға тойтарыс беруде ІІО жасақшыларымен өзара іс-қимыл жасасуды жетілдіру және қылмыстық қол сұғушылықтардың жолын кесу мен алдын алу бағытында оқу-жаттығу іс-шаралары өткізіліп, іс-шара қорытындысымен оқу-жаттығу барысы талқыланып іс-шараға қатысушыларға қосымша нұсқамалар берілді.

Оқу жаттығу өткізу кезінде жарылғыш заттар сақтайтын орындарының инженерлік-техникалық нығайтылуына аса мән берілді.
Облыс көлемінде жарылғыш заттарды сақтайтын объектілерге, қару жарақ сататын дүкендеріне жергілікті Ішкі істер органдарының қызметкерлерімен бірлескен оқу-жаттығуларды өткізу және жеке күзет ұйымдарының күзетшілерінің іс-әрекеттерінің сапасын жақсарту мақсатында жоспарлы жұмыстар жүргізіле беретін болады.

БӨЛІСУ