Қазақстанда өңдеу өнеркәсібі мен ауыл шаруашылығында бірқатар жаңа жоба жүзеге асырылады.
ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов орталық мемлекеттік органдар, Президент Әкімшілігі, Ұлттық банк, өңірлер әкімдіктері, «Самұрық-Қазына», «Бәйтерек» холдингтері және басқа да ұйымдар басшыларының қатысуымен Экономиканы жаңғырту жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысын өткізді, деп хабарлады Primeminister.kz.
Сонымен қатар «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ қызметінің мәселелері, «KEGOC» АҚ акцияларының бір бөлігін SPO арқылы бәсекелес ортаға беру, сондай-ақ 10 коммуналдық меншік ұйымын Жекешелендірудің 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарынан алып тастау мәселелері талқыланды.