Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы қылмысқа қарсы іс-қимыл және жазаның бұлтартпастығын қамтамасыз ету саласында шет мемлекеттермен халықаралық ынтымақтастықты белсенді дамытуда. Бұл ретте, жұмыстың едәуір көлемі экстрадиция сияқты маңызды бағытта жүзеге асырылады, бұл құқықтық институт ретінде азаматтардың конституциялық құқықтарына айтарлықтай әсер етеді.

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес экстрадициялау рәсімі іздеудегі адамды ұстауды, оған қатысты соттың санкциясымен 40 тәулікке уақытша күзетпен ұстауды, содан кейін 12 ай мерзімге экстрадициялық қамаққа алуды қамтиды. Осы уақыт ішінде күзетпен ұстаудағы адамға қатысты экстрадициялық тексеріс жүргізіледі және оны шет мемлекетке беру мүмкіндігі туралы шешім қабылданады. Бұл ретте, Бас прокуратураның құзыретіне іздеудегі адамдарды экстрадициялау туралы шешімдер қабылдау мәселелері кіреді. Атап айтқанда, 2022 жылы біз шет мемлекеттердің ұстап беру туралы 90-нан астам сұрау салуын қарадық, оның 80-і қанағаттандырылды.

Қазақстанның негізгі әріптестері Ресей, Өзбекстан және Қырғызстан болып табылады, олармен экстрадициялау мәселелері бойынша өзара іс-қимылдың ең үлкен көлемі атап өтіледі. Аталған мән-жайлар мемлекеттердің құқықтық жүйелерінің ұқсастығына, олардың географиялық орналасуының жақындығына және көші-қон ағындарының қарқындылығына байланысты. Қылмыс санаттары бойынша адамдар негізінен алаяқтық, ұрлық, адам өлтіру, есірткінің заңсыз айналымы үшін беріледі.

БӨЛІСУ