Ағымдағы жылдың 6 сәуірінде Мәжілістің жаңа құрамы «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне Қылмыстық, Қылмыстық-процестік және Қылмыстық-атқару кодекстерін оңтайландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңының жобасын қарауды бастады.
Заң жобасында қылмыстық істерді Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне салықтық, азаматтық-құқықтық даулар немесе салықтық құқық бұзушылықтар туралы өтініштерді салықтық тексеру актісін, маманның қорытындысын алмай-ақ (анықтама), сотқа дейінгі шағым түсірусіз немесе сотқа шағым түсірусіз тіркеуді алып тастау көзделген.
Сондай-ақ, тінту, жеке тінту және тәркілеуді жүзеге асыру бойынша санкцияның 10 тәуліктік қолданылу мерзімін белгілеу, «коммерциялық ұйымдарды» ұйымдасқан қылмыстық құрылымдардан ажырату, экономикалық қылмыстар бойынша еселенген айыппұл салу көзделген. Бұл жазаның әділ болуын көздейді.
Бизнесті қылмыстық процеске бей-берекет тарту маңызды мәселе болып отыр.
Бұрын келтірілген статистика бойынша 118 құрам бойынша 2021 жылы қылмыстық процеске тартылған 11 адамның кем дегенде 10-ы негізсіз қысымға ұшырап, қылмыстық іске тартылған.
Сондай-ақ, ұйымдасқан қылмыс туралы ережелерді коммерциялық ұйымдарға қолдану мүмкіндігі алаңдаушылық туғызады. Қате және біржақты түсіндіру арқылы компанияның белгілерін қылмыстық ұйымның элементтері ретінде қарастыруға әбден болады.
РУСТАМ ЖҮРСІНОВ
ЗАҢГЕР