Жеке және заңды тұлғалардың жолданымдарын жан-жақты, сапалы қарау, азаматтардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіру прокурорлар жұмысының басты басымдықтарының бірі болып табылады.
Ағымдағы жылғы 3 айда прокуратура органдарына азаматтар мен заңды тұлғалардан 65 мыңнан астам арыз келіп түсті, оларды қарау нәтижелері бойынша 8,5 мыңға жуық арыз иелерінің құқықтары қорғалды, 1,5 мыңға жуық прокурорлық қадағалау және ден қою актілері енгізілді.
Олардың басым бөлігі сотқа дейінгі іс жүргізудің заңдылығы мәселелеріне немесе 39% (25,2 мың), әлеуметтік-экономикалық саланың 20% (12,8 мың), 8% (5,3 мың) қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істер бойынша сот актілерімен байланысты болды.
Прокурорлар жеке қабылдауда 11,5 мыңнан астам азаматты қабылдады, оның ішінде 8,5 мыңнан астамын прокуратура органдарының басшылығы қабылдады.
Қанағаттандырылған арыздардың ең көп саны немесе 47% (4 мыңнан астам) сотқа дейінгі тергеп-тексеру органдарының актілері мен әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдардан тұрады.
Көбінесе азаматтар жер мәселелері, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, еңбек заңнамасы саласы, сот шешімдерін орындамау, екінші деңгейдегі банктер алдындағы кредиттік міндеттемелерді орындау, денсаулық сақтау, білім сапасы бойынша шағымданады, оларды қарау прокуратура органдарының құзыретіне кірмейді.
Сол себепті, ондай шағымдар құзыреті бойынша қарау үшін басқа органдар мен ведомстволарға қайта жіберіледі.
Прокурордың дауға араласуын болдырмайтын нақты уәкілетті органдардың жолданымдарды қарау қажеттілігі қадағалауды жүзеге асыру кезінде прокуратура органдарының өзге де мемлекеттік органдардың функцияларын алмастырмауын көздейтін «Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының (бұдан әрі – Заң) 5-бабы 4-тармағының талаптарына байланысты.
Толық ақпарат ҚР Бас прокуратурасының сайтында