23 сәуір — Дүниежүзілік кітап және авторлық құқықты қорғау күні. Дәл осы күні еліміздің барлық аймағында түрлі мәдени шаралар ұйымдастыру дәстүрге айналған. Биылғы кітап мерекесі қарсаңында облыстық Жастар ресурстық орталығының бастамасы және “Кітап құрттары” клубының қолдауымен Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №60 мекемесінің кітапхана қорына 30 кітап сыйға тартылды.

Шарада орталық қызметкерлері мекемеде жазасын өтеп жүрген кітапсүйер қауымды келіп түскен жаңа басылымдармен таныстырып, түрлі саладағы әдебиеттерді назарға ұсынды. Жаза мерзімін өтеушілер арасында оқу мәдениетін арттыру мақсатында өткізілген шара кітапхана қорының жаңа кітаптармен толығуына сеп болды.

Шара соңында жазасын өтеуші азаматтар Қызылорда облыстық Жастар ресурстық орталығының ұжымы мен мекеме әкімшілігіне өз алғыстарын айтып, рухани дамуы мен уақытты тиімді өткізуге қосқан үлесі үшін ризашылықтарын білдірді.

БӨЛІСУ