25 сәуірден бастап, өсімдік шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларына өзгерістер күшіне енді.

Құжаттың негізгі жаңашылдықтары:

– минералды тыңайтқыштарға субсидия алу үшін электрондық агрохимиялық картограмманы тіркеу туралы талаптардың алынуы;

– басымдықтағы дақылдарды қоспағанда, 2023 жылдың соңына дейін жерді қашықтықтан зондтау арқылы алқаптардың мәліметтерін растау бойынша кейінге қалдыруды ұсыну (белгіленген мерзімге дейін фермерлер міндетті түрде белгіленген құқықтық құжаттарға сәйкес егістіктердің деректерін түзетуі қажет. Тиісті кестені  ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ-мен бірлесіп бекітетін болады).

– өңірлерді мамандандырудың ұсынылатын схемасын негізге ала отырып, басым дақылдарды өндіруді жергілікті атқарушы органдардың дербес субсидиялаудың орындылығын айқындау (субсидиялауға бидай жатпайды).

– тыңайтқыштар мен пестицидтерге, биоагенттерге (энтомофагтар) арналған субсидиялар тізбелері мен нормаларын, сондай-ақ АШМ-ның келісімінсіз өсімдік шаруашылығындағы бағыттар бойынша субсидиялардың көлемін қалыптастыру және бекіту.

БӨЛІСУ