Облыс әкімі Н.Нәлібаевтың тапсырмасы аясында елді мекендерді жаңғырту мен оларды санитарлық тазалықта ұстау және ынталандыру мақсатында «Үлгілі елді мекен» конкурсы жарияланған. Екі кезеңнен тұратын конкурс ағымдағы жылдың 1 наурызында басталды.

Осы орайда, а.ж. 21 сәуір күні басқарма басшысы М.Құрманбаевтың төрағалығымен «Үлгілі елді мекен» конкурсының барысы туралы мәжіліс өтті. Жиынға Қызылорда қаласы және аудан әкімдерінің орынбасарлары қатысып, конкурстың алғашқы кезеңінің өткізілу барысы талқыланды.

Басқарма басшысы конкурсқа қатысушыларға қойылатын ережерлер мен жеңімпаздар «Үлгілі аудан орталығы», «Үлгілі ауыл» және «Қызылорда қаласының үлгілі шағын ауданы» номинациялары бойынша тәуелсіз сарапшылық комиссия құрамымен анықталатындығын тағы бір мәрте еске салды. Жиын соңында басқарма басшысы конкурс ережелеріне сәйкес қала және аудан әкімдіктеріне бірқатар тапсырмалар беріп, елді мекендердің тазалығы мен келбетін көркейтуге бағытталған шараға жауапкершілікпен қарауға шақырды.

БӨЛІСУ