Бүгін Қызылорда қоғамдық даму басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ ұйымдастыруымен 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесі қарсаңында мектеп оқушылары арасында Медиация бағытын дамыту бойынша «IQ – ДОДА» интеллектуалды білім сайысы өтті.
Абылай хан атындағы №140 орта мектепте өткен білім сайысының мақсаты – жаһандану заманында бәсекелестік бәйгесінен қалмайтын ұшқыр ойлы интеллектуалды жастарды дәріптеу. Білімді, коммуникативті, ізденгіш әрі тапқыр тұлғаларды анықтау болып табылады.
Білім сайысына 8-9, 10-11 сынып оқушылары белсенді қатысты. Сайыс 5 кезеңнен құралды. Бірінші кезеңде жалпы сұрақтар, екінші кезеңде кино музыка квиз, үшінші кезеңде логикалық, төртіншіде Медиация әлеміне саяхат, ең соңғы бесінші кезеңде Тәуелсіз Қазақстан тарихы жайлы сұрақтар қойылды.
Жеңімпаздар мен барлық қатысушыларға бағалы сыйлықтар мен «Қоғамдық келісім» КММ директоры Камалов Бақытжан Жарылқасынұлы атынан дипломдар табысталды.

БӨЛІСУ