2023 жылдың 21 сәуірінде қалалық мәслихат депутаттары қаладағы каналдарды тазалау және Бәйтерек тұрғын ауданын қаламен байланыстыратын көпір құрылысының жұмысымен танысты.

 Алдымен депутаттар Қызылжарма каналын тазалау жұмыстарын көрді. Ұзындығы 7,8 шақырым болатын бұл канал арқылы КБИ, Коммунизм, Шанхай, Әл-Фараби және Қызылжарма ауылдық округіне аяқ су беріледі. Қазіргі таңда каналды «Ақмешіт сарқырама» мердігер мекемесі тазалауда.
Депутаттар мамыр айына дейін тазалау жұмыстарын бітіріп, аяқ суды беру, канал тазалауға арнайы механикалық техникалар қамту , механикалық тазалауға мүмкіндік жасау мақсатында канал аумағындағы санитарлық зонадағы тұрғын үй заңсыз орнатылған қоршауларды алу туралы ұсыныстарын жеткізді.

Қалалық мәслихат төрағасы И.Құттықожаев каналдарды тазалау барысында автокөлік көпірлерінің астындағы құбырлар ішін толыққанды тазалау, депутат И.Басықараев темір жол асты аяқ су баратын құбырларды тазарту туралы ұсыныстарын білдірді.

Депутаттар тоқтаған келесі нысан, Бәйтерек мөлтек ауданын қаламен байланыстыратын көпір құрылысы болды. Қазіргі таңда салынып жатырған көпірдің ұзындығы – 47 метрді құрайды, көпірдің екі жағына жаяу жүргінші жолы салынады. Құрылыс жұмыстары биылғы жылдың тамыз айына дейін аяқталмақ.

Айта кетерлігі, қазіргі таңда Бәйтерек ауданына өтетін жалғыз ғана автомобиль көпірі (Жезқазған трассасына шығатын көпір) бар, осы көпір салынған жағдайда тұрғындардың қатынауына өте қолайлы болмақ.

Депутаттар өз кезегінде көпір салу барысында магистральды канал арқылы өтетін суға кедергі келтірмеу жақтарын қарастыру, көпірдің құрылысын мерзімінде аяқтау, жаңа көпірден Бәйтерек мөлтек ауданына өтетін автокөліктерге оңтайлы жағдай жасау мақсатында екі жақты жолды стандартқа сәйкестендіру туралы ұсыныстар берді.

Депутаттық аралау шарасына депутаттармен қатар, қала әкімінің орынбасары Ғ.Еркебай, қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Ж.Файзуллаев, мердігер мекеме басшылары, БАҚ өкілдері қатысты.

БӨЛІСУ