Бүгін барша мұсылманның ұлық мерекесі – Ораза Айт мерекесіне орай Ғани Мұратбаев ауылында Қуандық әулие атындағы мешіт жамағатының және ауыл жастарының ұйымдастыруымен ауқымды шара өтті.

Ең әуелі жамағатпен айт намазын оқыған ауыл жұрты, дұға-тілек тілеп, ауыл ақсақалдарының ақ батасын алды. Мұнан соң мерекеге орай мектеп оқушылары және ауыл жастары арасында арқан тарту, қол күрес, гір тасын көтеру, ләңгі тебу, асық ойнау, тоғызқұмалақ және бұқа тартыс жарыстары ұйымдастырылып, жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар табысталды.

Мерекеге орай арнайы барған аудан әкімінің орынбасары Дәурен Тілеумбетов ауыл тұрғындарын мейраммен құттықтап, бірқатар азаматтарды марапаттады.

Айта кетейік, шара барысында ауылдың барлық оқушылары мен кішкентай бүлдіршіндерге тегін тәтті балмұздақ таратылды. Одан бөлек,өнерпаздар жыр-термелер айтып, жиналғандардың көңіліне қуаныш ұялатты.

БӨЛІСУ