Бүгін аудан әкімі Мұхтар Оразбаев Әйтеке би кентіндегі 180 гектар жаңа кварталдағы жүргізіліп жатқан сервистік ауызсу желілерінің құрылысымен танысты. Жұмыс барысымен аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Нұрбек Күзембаев баяндап берді.

Мердігер мекеме «Жаңарту» ЖШС тарапынан жүргізіліп жатқан қарқынды құрылысқа республикалық және облыстық бюджеттерден 110,196 миллион теңге қаралған.

Аудан басшысы мердігер мекеменің жауапты өкілдері мен сала мамандарына жүргізіліп жатқан құрылыс-монтаж жұмыстарын жобаға сәйкес сапалы әрі мерзімінде аяқтап, ел игілігіне беруді тапсырды. Сондай-ақ, техникалық қадағалаушыға нысан басында үнемі болуын, құрылыс жұмыстарын үздіксіз бақылауын, материалдарының сертификаттары жобаға сәйкестігін қадағалауды қатаң ескертті.

Аудан әкімі Мұхтар Әуесұлы қорытындылай келе, жүйелі жұмысқа адам мен техника санын арттыру қажет екенін айтты.

БӨЛІСУ