Облысымыз 2022 жылдың қорытындысымен әлеуметтік-экономикалық дамудың макрокөрсеткіштері бойынша республика өңірлері арасында жоғары орындарға көтерілді.

Өңдеу өнеркәсібінің көлемі – 5,6 пайызға, ауыл шаруашылығының жалпы өнімі – 1,8 пайызға, инвестициялар тарту – 26,8пайызға, пайдалануға берілген тұрғын үйлер көлемі –                   3,3 пайызға, құрылыс жұмыстарының көлемі – 16,6 пайызға және сауда көлемі – 2,3 пайызға артты.

Аймағымыз инвестиция тарту қарқыны бойынша республика көлемінде бірінші орынға шықты. Өткен жылы атқарылған шаралардың нәтижесінде инвестиция көлемі 2021 жылмен салыстырғанда 100,6 млрд. теңгеге артты (308,9 млрд. тг, 409,5 млрд. теңгеге).

Шикізатқа тәуелділікті төмендету мақсатында экономиканы әртараптандыруға бағытталған жобаларды іске асыру жалғасуда.

Индустрияландыруды дамыту аясында құны 1 млрд. теңге болатын 5 жоба жүзеге асырылды.

Мемлекет Басшысының тапсырмасына сәйкес Жалпыұлттық Бірыңғай жобалар пулы қалыптасып, оған құны 877 млрд. теңгені құрайтын 30 жоба енгізілді. Өткен жылы құны 5,1 млрд. теңге болатын 4 жобаіске қосылды («Үй құрылысы комбинаты», «350 орындық мектепті кеңейту», «Балық ұнын шығаруцехы», «Көкөніс сақтау қоймасы»).

Биылғы жылы құны 13,4 млрд.теңгеніқұрайтын 9 жобаның іске қосылуы жоспарлануда (жұмыс орны – 405 адам).

Шетелдік инвесторларды тарту бойынша  да жүйелі жұмыстар жүргізілуде.

Өткен жылы орталықтандырылған жылу мәселесін шешу мақсатында «Акса энерджи» түрік компаниясымен бірлесіп,қала аумағын жылу және электр қуатымен толық қамтамасыз ететін,
240 мегаватты құрайтын жылу электр орталығының іргетасы қаланды. Құны 215 млрд. теңгеден асатын бұл жоба 2025 жылы аяқталады.

Түрік белді Коч Холдинг компаниясымен Жаңақорған ауданында «Қызылорда – Агроплюс» серіктестігінің томат пастасын өндіру жобасы басталмақ. Жоба құны – 50 млн АҚШ доллары.

Осы компанияның еншілес кәсіпорны – TAT компаниясымен бірлесіп, тамшылатып суару әдісімен 10 гектар жерге тәжірибелік қызанақ тұқымы егіліп, жаңа өнім жиналды.

Өңдеуші өнеркәсіпке серпіліс беру мақсатында шыны зауыты жанынан құны 100 млрд. теңге болатын 8 ілеспе кәсіпорын құру жоспарланған. Оның төртеуі бойынша жобалау жұмыстары басталса (шыны талшықтар мен композитті материалдар, айна, жұқа шыны, шыны сыйымдылықтар), қалған жобаларға инвестор іздестірілуде.

Осы бағытта желтоқсан айында Мемлекет басшысы
Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Өзбекстанға барған ресми делегациясының құрамында  аймақ басшысы да болып, бірнеше іскерлік кездесуге қатысты. Өңірден барған кәсіпкерлермен бірге бизнес форумда ортақ жобаларды талқылады.

Жұмыс сапарының барысында Науаи облысының хәкімі Нормат Тұрсуновпен бірге екіжақты ынтымақтастықты дамытуды көздейтін арнайы Жол картасына қол қойды.

Бүгінде Қызылорда өңірі мен Науаи облысы арасында ынтымақтастықты одан әрі дамыту, инвестициялық мүмкіндіктерді кеңейту, тауар айналымын ұлғайту арқылы жаңа жобаларды іске асыруда ортақ мүдде бар.

Өңірде тұрғын үй құрылысын салу қарқынды жүруде. Қызылорда қаласында тұрғын пәтер үйі апатты деп танылған жерлестерімізге 60 пәтерлі жаңа арендалық, халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға 50 пәтерлі көпқабатты тұрғын үй тарту етілді.

2022 жылы мемлекеттік бюджет есебінен тұрғын үй құрылысына 9,1 млрд. теңге қаржы бөлініп, бұл қаражатқа  32 тұрғын үйдің құрылысы жүргізіліп, оның 12 тұрғын үйі пайдалануға берілді.

Ал, биыл 23 тұрғын үй халық игіліне табысталып, барлығы 982 отбасы қоныс тойын тойламақшы.

Арнайы қабылданған «Сыр жастары» бағдарламасы аясында алғашқы рет 130-дан астам жас отбасыға жеңілдетілген ипотекалық несие беру үшін жергілікті бюджеттен 1,2 млрд.теңге, «Отбасы» банкі арқылы 500 млн.теңге барлығы 1,7 млрд.теңге қаражат бөлініп отыр. Бұл жас отбасылардың баспаналы болуына үлкен қолдау болады деп санаймыз.

Қазіргі таңда облыс халқының 97,8 пайызы орталықтандырылған су жүйесіне қосылған. Бұл көрсеткішті 100 пайызға жеткізу бойынша жұмыстар жасалуда.

Өткен жылы 6 ауылдық елді мекен көгілдір отынға қосылып, халықты газдандыру деңгейі 70 пайызға жетті.

Ағымдағы жылы 10 ауылдық елді мекенді газдандыру арқылы оның қамту деңгейін 72 пайызға жеткізу жоспарлануда.

Жергілікті маңыздағы 366 шақырым автомобиль жолдарын жөндеу арқылы жақсы жағдайдағы жолдардың үлесі 82 пайызға жеткізілсе, биыл оны 87 пайызға жеткізу жоспарда бар.

Бұл мақсатқа биылғы жылы 29,9 млрд. теңге (РБ – 14,6 млрд., ОБ – 15,3 млрд.) қаржы қаралды.

Аймақ үшін өзекті жобалардың бірі,бұл – Президенттің тікелей бақылауындағы «Қызылорда-Жезқазған» автожолының құрылысы.

Халық осы жолдың заманға сай қайта жаңғыртылуын ұзақ күтті. Жалпы, аталған жолдың ұзындығы 216 шақырымды құрайды, биылғы жылы оның 100 шақырымнан астам бөлігін аяқтау межеленуде. Қалған бөлігі 2025 жылдың аяғына дейін толық аяқтап, халық игілігіне берілетін болады.

БӨЛІСУ