Бүгін облыстық мемлекеттік сатып алу және білім басқармаларының ұйымдастыруларымен білім басқармасына қарасты мекемелерінде мемлекеттік сатып алу заңдылықтарының сақталу мәселелеріне қатысты мәжіліс өткізілді.

Мәжіліске облыстық мемлекеттік сатып алу, білім басқармаларының басшылары, сондай-ақ білім басқармасына бағынысты білім бөлімдерінің, білім беру ұйымдарының басшылары мен жауапты мамандары қатысты.
Күн тәртібінде қаралған мәселелер бойынша облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы Бауыржан Шаменов облыстық прокуратура органының қадағалау актілерінде көрсетілген білім саласында орын алған бұзушылықтарға тоқталып, білім саласының тапсырыс берушілеріне мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының талаптарын қатаң сақтау қажет екендігіне тиісті түсіндірмелер берді.
Мәжіліс соңында, облыстық білім басқармасының басшы Мейрамбек Шермағанбет мәжілісте көтерілген мәселенің өзекті екенін жеткізіп, білім бөлімдерінің, білім беру ұйымдарының басшылары мен жауапты мамандарына мемлекеттік сатып алу заңдылықтың бұзылуын алдағы уақытта болдырмауға бағытталған нақты іс-шараларды қабылдауды тапсырды.

БӨЛІСУ