Бүгін облыстық білім басқармасы «Сенімен Болашақ» республикалық ата-аналар қоғамдық бірлестігімен жасөспірімдердің репродуктивті денсаулығын нығайту мақсатындағы пилотты жобасын іске қосты.

Бірлескен жоспар аясында іске асырылып жатқан жоба арқылы ерте жүктіліктің алдын алу мақсатында арнайы мамандармен облыс бойынша кездесулер, дәрістер өткізіліп, семинарлар ұйымдастырылады.

Аталмыш жобаның ресми таныстырылымы бүгін М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінде “Тазалық -өмір айнасы” тақырыбында өткізілді.

Шарада М.Мәметова атындағы Қызылорда жоғары педагогикалық колледжі, Қызылорда медицина жоғары колледжі, Болашақ университетінің жоғары колледжі мен «Сенімен Болашақ» республикалық ата-аналар қоғамдық бірлестігі арасында ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойылды.

©Қызылорда облысының білім басқармасының баспасөз қызметі

БӨЛІСУ