Бүгін облыс әкімінің орынбасары Нұрымбет Сақтағановтың төрағалығымен Қызылорда облысы әкімдігі жанындағы жастар істері жөніндегі кеңес өтті. Кеңесте жастарды жұмыспен қамту, кәсіпкерлікке баулу мәселесі көтерілді.

Қазіргі мәліметтерге сәйкес облысымызда 249000 жас бар. Аймақта 10 жастар орталығы жұмыс жасайды.
– Биылғы жылдың өзінде жастармен 796 түрлі форматтағы іс-шаралар ұйымдастырылды. «Сыр жастары» бағдарламасы бойынша осы жылы 100 жас отбасы баспаналы болады деп жоспарлануда. Сондай-ақ, NEET санатты жастардың санын төмендетуге біршама басымдық берілді. Соңғы бес жылда олардың саны 2,8 пайызға азайған. Айта кететін жайт, NEET санатындағы жастармен жұмысты ұйымдастырудың арнайы жұмыс жоспары бекітілді. Жастарды жұмыспен қамту, кәсіпкерлікке баулуға арналған мүмкіндіктер шарасы биыл да өз жалғасын табады. Сонымен қатар, осы жылы барлық аудандарда «еңбек жасақтарын» құруды жоспарлап отырмыз. Алдағы үш жылдықта жұмыссыздық деңгейін төмендетуді, жас кәсіпкерлердің санын арттыруға тиісті басқармалармен жұмыс жасалып жатыр. Жастар арасында қылмыстықтың алдын алу үшін шаралар атқарылып, жыл басынан бері 67 шара ұйымдастырылды. Мұнан өзге, жастар арасындағы парақшаларын мемлекеттік бағдарламаларды насихаттау жүргізілуде. Бүгінде жастарға әскери-патриоттық тәрбие беру басты бағыттардың бірі. Қазіргі күнде «Жас сарбаз» сабағы облыста белсенді жүргізілуде. Алдағы уақытта жастар арасында байланысты күшейту үшін жұмыстар атқарылады, – деді облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысы Алмасбек Есмаханов.
Сонымен қатар, облыс әкімінің орынбасары Н.Сақтағанов жастар тәрбиесіне мұқият болуды, жазғы демалыс кезінде уақыттарын тиімді өткізуді тапсырды.
Сондай-ақ, кеңес соңында Нұрымбет Аманұлы «Сыр үміті» номинациясын өткен жылдың үздік жастарына табыстады.

Биылы үздіктер;

Жарасхан Төлебай – талантты сазгер. Көптеген патриоттық һәм хит әндердің авторы.

Есет Табынбаев – ақын, журналист. Білдей бір ауданның газетінің бас редакторы.

Түменбай Ақжол- Ақын. Қазақстан жазушылар одағының мүшесі. Облыстық, Республикалық жыр мүшайларының жеңімпазы. Ғ.Мұратбаев атындағы Республикалық жастар сыйлығының иегері. Қазақстан эстрадасындағы көптеген хит әндердің сөзін жазған автор. Бұл төңіректе әзір Ақжолмен теңдесер ақын жоқ.

Сәуле Қалыбай – KAZRobobtics федерациясының облыстық деңгейдегі төрешісі. «Онлайн каникул – 2020» жобасының авторы.
«AQYL – BATTLE» Республикалық интеллектуалды сайысының 2 орын иегері. «Парламентке саяхат» жобасының грант иегері.

Бибінұр Өткелбай – «Qorqyt study» оқу орталығының негізін қалаушы. 2018 жылдан бастап «Champion» шахмат клубын ұйымдастырып, жетекшілік етіп келеді. 2019 жылы шәкірттері облыс чемпионаты атанып, Республикалық деңгейдегі жарыстардан жүлделі орындарға ие болды. 2019 жылы Республикалық Иновациялық жобалар байқауынан 2 жүлде иегері атанды.

Әнуар Тоқтамысұлы -Республикалық «Қоғам белсендісі – Үздік көшбасшы» байқауының жеңімпазы. Белсенді жас.

Әкімжан Төлебай – 2020-2022 жылдар аралығында ҚР Қарулы Күштері Ұлттық Әскери Патриоттық Орталығында әскери – патриоттық жұмыстарды ұйымдастыру бөлімінің аға офицері және офицер (ЛУА) қызметін атқарған.
Қазақстан Республикасы Президентінің «Халық алғысы» мерекелік медалінің иегері.
«Елбасы медалі» ерекшелік белгісінің «Қола медаль» иегері.
Қазіргі таңда «Жас Сарбаз» жас өспірімдер әскери – патриоттық қоғамдық бірлестігінің Қызылорда облыстық филиалының төрағасы. Жастарды париоттық рухта тәрбиелеуге қосып жүрген үлесі зор.

Ыдырысов Ержан – Қызылорда облыстық жұқпалы аурулар ауруханасында дәрігер – резидент. 2021 жылдан қазіргі таңға дейін аурухананың жан сақтау бөлімшесінде дәрігер реаниматолог ретінде жұмыс атқаруда. Науқастардың өміріне араша түсіп, «Коронавирусты инфекция» індетімен күресте науқастардың толық айығып шығуына өзінің зор үлесін қосып, аурухана бас дәрігерінің алғыс хатымен марапатталған.

Мақсат Исағабылов – Қазақ күресінен ҚР Ұлттық құрама командасының мүшесі.
Қазақстан Республикасы чемпионатының жеңімпазы.
ҚР кубогының жеңімпазы.
Қазақ күресінен спорт шебері.
“Әлем барысы” қола жүлдегері.
“Қазақстан барысы – 2022” турнирінің бас жүлдегері.

Темірболат София – Республикалық «Inno Fest» Qyzylorda инновациялық идеялар фестивалі «Контент & Медиа» секциясының 1 орын жеңімпазы;
2021 жылдың қорытындысы бойынша «Шебер жас»номинация иегері;
2022 жыл 25-ші ПМЭФ аясында РОНКОНГРЕСС, РОСИЗО ұйымдастырылуымен өткізілген «Создавая будущее 2050» байқау финалисті;
Республикалық STOPMUSORKZ экологиялық жобасының «ЭКОГЕРОЙ» байқау жеңімпазы;

Алтынай Жармахан – «Табиғатты аяла» жас өлкетанушылар, экологтар мен табиғат зерттеушілерінің Республикалық форумының «Eko-Bolashak» номинациясы бойынша 1 орын иеленген Салманова Ботакөздің жетекшісі.
«Дарынды балаларға – талантты ұстаз – 2021» Республикалық педагогикалық олимпиадасының 3 орын иегері.
Жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық ғылыми жобалар конкурсының облыстық кезеңінде биология бағыты бойынша 2 орын иегері.
«Үздік авторлық бағдарлама – 2022» облыстық байқауының қалалық кезеңінің 1 орын иегері.

Нурлытан Саймаганбетов – еріктіліктің нағыз үлгісін көрсетіп жүрген жас. Қоғамдағы түрлі оқиғалар барысында волонтерлік қызметке ұйытқы болған көшбасшы.

Ханзада Дошан – ұстаз, белсенді жас

Бейбітжан Қобыланов- Халықаралық дәрежедегі спорт шебері.
Ұлттық жекпе жектен Қазақстан чемпионы.
Nomad MMA Азия жүлдегері.
Қоян қолтық ұрыстан спорт шебері.
Ұлттық жекпе жектен Әлем чемпионы.
Азия чемпионы.

Ерасыл Шәрібек – жас журналист. Спорт саласының насихатшысы.

БӨЛІСУ