Келешекте маңызды инвестициялық жобаларды прокуратура сүйемелдейтін болады. Үкіметтің кеңейтілген кеңесінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев осныдай тапсырма берді.
«Жуықта мен Премьер-Министрдің орынбасары – Сыртқы істер министрі етіп Мұрат Нұртілеуді тағайындадым. Оның халықаралық саладғы тәжірибесі айтарлықтай. Лауазымдық міндетіне байланысты ол, сондай-ақ, инвестиция тартумен де айналысады. Нәтижесі болады деп үміттенемін», – деді Мемлекет басшысы.
Сондай-ақ, Президент бұл іске «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасын тарту қажеттігін айтты.
«Әрбір маңызды инвестициялық жобаны прокуратура қызметкерлері сүйемелдеуі қажет деп есептеймін. Бұл ұжымдық жауапкершілік жүйесін жолға қоюға мүмкіндік береді және мемлекеттік қызметшілерді дұрыс емес шешім қабылдаймын деген үрейден арылтады.
Мұндай шара инвестицияларды тарту жөніндегі жұмыстың тиімділігін арттыруға тиіс және шетелдік кәсіпкерлердің инвестицияларының қауіпсіздігіне кепіл болады. Мұның бәрі біздің еліміздегі инвестициялық ахуалды жақсартуға ықпал етеді деп есептеймін», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
2023-04-19