Өрт – адамзаттың тілсіз жауы. Айтпай келген апаттан табиғат та, адам да, мемлекет те қаншама зардап шегері сөзсіз.
Осы орайда аудан көлемінде далалық жерде өрт пайда болған кезде дайындығын тексеру мақсатында Тереңөзек кентінде Сырдария ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі, Сырдария орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі және аудандық № 12 Өрт сөндіру бөлімі бірлесе отырып орман және дала өрттерінің алдын алу мақсатында өрт – тактикалық жаттығу өткізіліп, күштер мен құралдардың әзірлігі тексерілді.
Оқу жаттығу жұмыстарына, «Сырдария орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі» КММ-нің1-АЦ-6-40 өрт сөндіру автокөлігі, 5-көмекші техникасымен 28 қызметкері және өрт сөндіруге арналған құралдары, № 12 өртсөндіру бөлімінен 1 техника 1-АЦ-6-40 өрт сөндіру автокөлігі, 6 қызметкер, Сырдария ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінен 4 қызметкермен 1 «SsangYongKyron» автокөлігі, аудандық полиция бөлімінен 2 техника, 6 қызметкер, қоғамдық даму бөлімінен 1 техника, 3 адам қатыстырылды.