Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің Басқарма төрағасы – ректоры Бейбіткүл Кәрімова М.Ұлықбек атындағы Өзбекстан ұлттық университетінен келген делегация мүшелерімен кездесті.

 Жүздесуде оқу орнының басшысы бауырлас елдер арасындағы өзара ынтымақтастыққа тоқталып, білім саласындағы байланыс нығая түскенін атап өтті. Жуырда Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті бірнеше өзбекстандық жоғары оқу орнымен бірлесіп мамандар даярлау туралы келісім жасаған болатын.

Өз кезегінде «Адам және жануарлар физиологиясы» кафедрасының доценті, биология ғылымдарының кандидаты Болта Кахоров, доцент, биология ғылымдарының кандидаты Гулчехра Джаббарова бірлескен білім беру бағдарламаларының маңыздылығын атап өтіп, жаңа жобалар туралы сөз қозғады.
Сондай-ақ, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде өтетін дәрістерге М.Ұлықбек атындағы Өзбекстан ұлттық университетінің магистранты Соибжан Бахронов пен студент Барчинай Давлетова қатысып, өз тәжірибесімен бөлісетін болады.
Айта кету керек, өзбекстандық ғалымдар 17-19 сәуір аралығында «Биология» білім беру бағдарламасының студенттері мен магистранттарына дәріс өткізіп, ғылым айлығына орай «Биология, география және химия» кафедрасында өтетін іс-шараларға қатысады.

БӨЛІСУ