Бүгін облыс орталығындағы Н. Ергешбаев атындағы №172 орта мектепте облыстық дін істері басқармасы, қалалық полиция басқармасы және «Сенімен Болашақ» республикалық ата-аналар қоғамдық бірлестігі өкілдерінің қатысуымен ұрпақ тәрбиесіне арналған кездесу болып өтті.

Жиында жоғары сынып оқушыларына өңірде кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзу, топтық төбелес, әлімжеттік, буллинг, кибербуллингтің көбейіп тұрғаны айтылып, тәрбиенің маңыздылығы мен үлкенді құрметтеу, кішіге ізет көрсету сынды адамгершілік қағидаттарын ұстануға шақырды.
Сонымен қатар, орталықтың психолог маманы Қ. Қойшыбаева оқушылар арасында психологиялық тренинг ұйымдастырды.
Бұған қоса, Ғ. Мұратбаев атындағы №171 орта мектепте орталықтың теолог-ғалымы Бақтияр Есенгелдіұлы және облыстық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі А. Нұрзылда дін саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру мақсатында оқушылармен кездесу өткізді.
Шара барысында мектеп оқушыларына ұлттық құндылықтар мен тәлім-тәрбие, интернетті дұрыс пайдалану, теріс ағымдардан сақтану жайлы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Кездесулерде оқушылар өз пікірлерімен бөлісіп, сұрақтарына жан-жақты жауаптар алды.

БӨЛІСУ