Қызылордада «Мен және менің полицейім» атты акциясы басталды.

2023 жылдың 17-21 сәуір аралығында облыс көлемінде «Мен және менің полицейім» атты акциясы өткізілуде.
Акцияның мақсаты – кәмелетке толмағандардың құқықтық сауаттылығын қалыптастыру, отбасылық және адамгершілік-рухани құндылықтарды насихаттау, азаматтардың ішкі істер органдарына деген сенімін арттыру, сондай-ақ кәмелетке толмағандарды полиция жұмысымен таныстыру және қауіпсіздік шараларына үйрету болып табылады.
​Аталмыш акция шеңберінде бүгін Қызылорда облысы Полиция департаменті басшылығының бастамасымен ​ «Ашық есік күні» өткізілді. Мектеп оқушыларына Полиция департаментінің мұражайы мен Жедел басқару орталығы, Жылдам қимылдайтын жасақ, Кинология орталығының есірткі заттарын анықтайтын иісшіл иттердің жасырылған жұмысы таныстырылды.
Оқушыларға мұражайда департаменттің тарихы және ауған соғысы ардагерлері, ерлік бұрышы, ішкі істер органдарының ардагерлері Е.Демесинов және Ұлы Отан соғысының ардагері А. Сағымбайдың жеке заттары таныстырылды.
Кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қылмыстылық пен құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында Қызылорда қалалық Полиция басқармасының Жедел басқару орталығының қызметкерлерімен бейнебақылау камералары арқылы қылмыстарды қалай анықтайтындығы көрсетілді.
Оқушылар қала аумағында орналасқан бейнебақылау камералары қоғамдық орындар мен көпқабатты үйлерде, өздері білім алып жатқан мектептердің ішкі ғимараттарының аумағына және Жедел басқару орталығына қосылғандығын көрді.
Бүгінгі іс-шараға қатысқан 200 –ден астам оқушы өздерін қызықтырған сауалдарын қойып, тұшымды жауаптар алды.

БӨЛІСУ