Жуырда Венгрия мемлекетінде өтетін IOI 2023 халықаралық олимпиадасында Қазақстан құрмасының атынан қызылордалық оқушымыз Мансур бақ сынайтын болады.
С.Шаухаманов атындағы №9 дарынды балаларға арналған «Білім-инновация» лицейінің 8-ші сынып оқушысы Мамадахунов Мансур халықаралық бәсекеге информатика пәні бойынша қатысатын болады.
Айта кетейік, дәстүрлі түрде жыл сайын өткізілетін олимпиада 28 тамыз бен 4 қыркүйек аралығында өтеді. Оған бүкіл дүние жүзінен мыңға жуық бала қатысады деп жоспарлануда.
Білім додасында еліміздің намысын қорғайтын оқушымызға сәттілік тілейміз!
©Қызылорда облысының білім басқармасының баспасөз қызметі