Қызылорда облыстық соты Қызылорда облыстық сотының маманданадырылған ауданаралық әкімшілік сотымен бірлесіп «Мемлекеттік сатып алу заңнамаларын қолдану ерекшеліктері», «Мемлекеттік органдар мен кәсіпкерлер арасындағы дауларды қарау кезіндегі мәселелер» тақырыптарында дөңгелек үстел өткізді.

Кездесуде Қызылорда облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Ж.Оспанова, Қызылорда облыстық сотының судьясы К.Каниева, Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының төрағасы Г.Мырзатаева, судьялар З.Жарылқасынова, А.Сарсенбаев қатысып, тақырып аясында баяндамаларын оқыды. Сондай-ақ шараға Қызылорда облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің, Қызылорда облысының мемлекеттік сатып алу басқармасының, «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Қызылорда облысы бойынша филиалының өкілдері және кәсіпкерлер қатысты.
Іс-шарада Әкімшілік рәсімдік процестік кодексінің және басқа да нормативтік актілерді қолданудағы ерекшеліктер және кәсіпкерлер назар аударуға жататын мәселелер талқыланды. ӘРПК әділеттілік және мөлшерлестік қағидаттары мемлекеттік органдармен қатынастарда кәсіпкерлердің құқықтарын іске асыруға ықпал ететіндігі айтылды.
Сондай-ақ, әкімшілік әділеттің нәтижесінде жария-құқықтық қатынастардан туындаған даулардың заң талаптары бойынша әкімшілік органдарға және лауазымды тұлғаларға жауапкершілік қарастырылғаны айтылды.
Жиында әкімшілік органдар тарапынан кәсіпкерлерге насихат жұмыстарын жүргізу туралы ұсыныстар айтылды.

БӨЛІСУ