Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің бұйрығына сәйкес, киіктерге қатысты браконьерлік фактілерін анықтауға және ашуға, олардың мүйіздерін заңсыз дайындаумен және елімізден тыс жерге контрабандалық шығарумен айналысатын адамдарды анықтау мақсатында, Қазалы ауданы көлемінде ағымдағы жылдың 15 сәуір – 15 мамыр аралығында «КИІК» өңірлік жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Іс-шараның мақсаты – табиғатты қорғау заңнамасын бұзуды, биологиялық ресурстар объектілері мен өнімдерінің заңсыз айналымының алдын алу, анықтау болып табылады. Іс-шарада оған жергілікті полиция қызметінің, әкімшілік, криминалдық полиция, тергеу және анықтау бөліністерінің күштері мен құралдарының қажетті саны жұмылдырып, құқық бұзушыларды анықтап, жауапкершілікке тарту көзделген.
Тәртіп сақшылары аудан көлемінде киік жануарын аулаған тұлғаларға қарсы жүйелі жұмыстар жүргізеді.

 

БӨЛІСУ