Бүгін Парламент Мәжілісінде Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Қазақстан Республикасы Президентінің «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» сайлауалды платформасын іске асыру шеңберінде денсаулық сақтау саласы қызметінің 2022 жылғы нәтижелері және 2023 жылға арналған жоспарлары туралы баяндады..
Сөз басында ведомство басшысы денсаулық сақтаудың негізгі медициналық-демографиялық көрсеткіштерінің оң динамикасын атап өтті.
«Өткен жылы халықтың жалпы өлімі 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 29%-ға төмендеді, қанайналым жүйесі ауруларынан болатын өлім-жітім көрсеткіштерінің 33%-ға, обырдан болатын өлім-жітім 8%-ға, тыныс алу ағзаларының ауруларынан болатын өлім-жітім 1,7 еседен астам төмендеді, туберкулезден болатын өлім-жітім17,6%-ға төмендеді»- деп А.Ғиният деректер келтірді.
Ұлттық статистика бюросының алдын ала деректері бойынша 2022 жылы өмір сүру ұзақтығы 2021 жылмен салыстырғанда 3 жылға артып, 73 жылдан астам уақытты құрады. Бұл факт 2025 жылы өмір сүру ұзақтығының көрсеткішін 75 жасқа дейін арттыруды жоспарлауға мүмкіндік береді, деп атап өтті ДСМ басшысы.
МСАК-ты дамыту бөлігінде ол биыл халық талап ететін медициналық қызметтерді қашықтықтан көрсету бойынша жұмыс күшейтілетінін, АДҚ тізбесі қайта қаралатынын, халықты амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етумен қамту 3,8 млн.астам адамды құрайтынын атап өтті.
Ауылдық денсаулық сақтау перспективалары туралы айта келе, министр ұлттық жоба шеңберінде іске асырылуы тиіс ағымдағы жылға арналған құрылыс, медициналық жабдықтармен жарақтандыру және кадрлармен қамтамасыз ету жөніндегі нақты жоспарларды белгіледі.
Оның айтуынша, биылғы жылы 309 МСАК объектісін салу, «алтын сағат» қағидатын сақтай отырып, инфаркт, инсульт, жарақат және басқа да жағдайлар кезінде шұғыл медициналық көмек көрсете алатын 12 АОА күрделі жөндеу және реконструкциялау қамтамасыз етіледі, сондай-ақ денсаулық сақтау ұйымдарын 575 заманауи медициналық жабдықпен жарақтандыру көзделген.
Қабылданған шаралардың нәтижесінде 2,4 млн. астам ауыл тұрғынын мамандандырылған медициналық көмекпен қосымша қамтамасыз ету күтілуде, 3,2 млн. ауыл тұрғыны профилактикалық тексерулермен және 1,5 млн. шалғайдағы ауыл тұрғыны жылжымалы медициналық кешендердің қызметімен қамтылатын болады.