Skip to content

БИЫЛ ДА ЖОҒАРҒЫ ӨРТ ҚАУІПІ САҚТАЛАДЫ

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы Нұрболат Дербісов табиғи өрттердің алдын алу және оларды жою азаматтық қорғаныстың мемлекеттік жүйесі баса назар аударатын негізгі бағыттардың бірі екенін айтты.
Сонымен қатар, спикердің айтуынша, ТЖМ халықты табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ-дан қорғау жөніндегі мемлекеттік саясатты салааралық үйлестіруді жүзеге асырады. Әкімдіктермен және мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп алдын алу шараларының кешені жүргізілуде.

Атап айтқанда, Экология және табиғи ресурстар министрлігімен бірлесіп ведомствоаралық жоспар бекітілді, онда қызметтердің өзара іс-қимылын пысықтау, күштер мен құралдарды, байланыс жүйелерін тарту, халықты хабардар ету жоспарларын түзету бойынша өрт оқу-жаттығуларын өткізудің облыстық штабтарын құру көзделген. Бұдан басқа, өрттерді ерте анықтау, елді мекендердің айналасында қорғаныс жолақтарын орнату, көлік магистральдарын, электр беру желілерін және т. б. қорғау жөніндегі іс-шаралар көзделеді.
«Жоспарға сәйкес, жағдай қиындаған кезде ірі өрт аймағына 39 мыңға жуық адам, 8 мыңнан астам техника, су төгетін құрылғылары бар 10 тікұшақ, 46 өрт сөндіру пойызы тартылады», – деді спикер.

Төтенше жағдайлар қызметі сонымен қатар өртпен күресу үшін құрал-жабдықтар қорымен қамтамасыз етілген. 6000 ранецті өрт сөндіргіш, 1318 мотопомпа және 32 мыңнан астам шанц аспаптары дайындалды.
«Жергілікті жерлерде ірі өрттер туындай қалған жағдайда, 14 тәулік ішінде автономды өрт сөндіруді жүзеге асыруға қабілетті, өтімділігі және сыйымдылығы жоғары автоцистерналармен жарақтандырылған мемлекеттік өртке қарсы қызметтің жиынтық жасақтары қалыптастырылды», – деді комитет төрағасы.

Оның айтуынша, ормандар мен далалардағы өрт ошақтарын уақытылы анықтау үшін авиапатрульдеу басталды. Ғарыштық мониторингті қамтамасыз ету мақсатында барлық өңірлер «Қазақстан Ғарыш Сапары» АҚ-мен шарттар жасасты.
«Шекара маңындағы аумақтарда өзара іс-қимыл мәселелерін пысықтау үшін Ресей және Қырғызстан ТЖМ бөлімшелерімен 10 өрт-тактикалық оқу-жаттығу өткізу жоспарланған», – деді спикер.

БӨЛІСУ

Designed using Hoot Business. Powered by WordPress.