Бүгін партияның «Кедергісіз келешек» жобасы аясында Әйтеке би кентіндегі бірқатар мекемелерде мониторинг жұмыстары жүргізілді. Мұндағы мақсат – ерекше қажеттілігі бар жандар үшін бейімділігін бақылап, оларға қолайлы орта қалыптастыру арқылы өмір сапасын арттыру.

Мониторинг тобы ең алдымен білім беру орындарында болып, ерекше қажеттілігі бар жандардың кез келген жерге кедергісіз кіріп-шығуы аса маңызды мәселе екендігін айтты. Мұнан соң нысандардың талапқа сай жабдықталуын қарап, пандустардың бар-жоғын анықтады. Зерделеу нәтижесінде бірқатар мекеме басшыларына орын алған кемшіліктерді белгіленген мерзімде ретке келтіру керектігі айтылды.

Айта кетейік, мониторинг жұмыстарына аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің мүгедектермен жұмыс секторының меңгерушісі Өмірбек Кетебай және аудандық партия филиалының сарапшысы Алтынай Кенжалиева қатысты.

БӨЛІСУ