Бүгін аудан әкімі Жандос Еркінбек Жаңажол ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті.

Кездесу барысында аудан басшысы халықтың табысын арттыру, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді жан-жақты қолдау, ауыл тұрғындарын аграрлық бизнеске тарту, азық-түлік қауіпсіздігін және азаматтардың өмір сүру сапасын жақсарту мақсатында іске асырылып жатқан «Ауыл аманаты» жобасы туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
«Ауыл аманаты» жобасы қатысушыларға 2,5% ғана құрайтын төмендетілген сыйақы ставкасы бойынша шағын несие беруді көздейді. Жоба аясында 2023 жылға Қызылорда облысына 3,0 млрд. теңге қаржы бөлінген.
Осыған орай, аудан әкімі ауыл тұрғындарына мемлекет тарапынан жасалған қолдауды барынша пайдаланып, табысын еселеп, ауылдың өсіп-өркендеуіне үлес қосуға шақырды.
Сондай-ақ, тиісті сала басшыларына жеңілдетілген шағын несиені алу тетіктері бойынша кең көлемде ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізуді тапсырды.
Жиын соңында жоба жайында толық мәлімет алған ауыл азаматтары бірауыздан оң пікірлерін білдіріп, басталғалы тұрған істің берекелі болуына сәттілік тіледі.
Бұдан бөлек, аудан әкімінің орынбасарлары, аппарат басшысы және тиісті сала басшылары ауданға қарасты елдімекен тұрғындарымен кездесіп, жоба бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.

БӨЛІСУ