Бүгін аудан әкімі Есжанов Асқарбек Темірбекұлы ардагерлерге, батыр аналарға, еңбек адамдарына арнап ауызашар берді.
Барша мұсылман қауымы асыға күтетін он екі айдың сұлтаны, берекелі де кешірімі мол қасиетті Рамазан айында дастархан басына жайғасқан ел азаматтары жылы лебіздерін білдіріп, халықты бірлікке, еңбекке үндеді.
Аудан басшысы Асқарбек Темірбекұлы жұртшылықты қасиетті Рамазан айымен құттықтап, жыл бойы атқарылып жатқан берекелі істерді, халық үшін жасалған оң бастамаларды жүзеге асыру жолындағы бірлік пен береке, достық пен татулық елдегі ауызбіршіліктің арқасы екенін жеткізіп, ауызашарда ізгі ниеттердің қабыл болуына өз тілегін білдірді.