Аудан әкімі Асқарбек Есжанов кезектілікке сәйкес тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдау жүргізді.

Жеке қабылдауда болған тұрғындар тұрғын үймен қамтамасыз ету, ауыз су жүйелерін жөндеу және тұрақты жұмысқа орналасу мәселелерін жеткізді.

Қабылдауға келген денсаулық саласынаң ардагері Раушанбек Смағұлов бүгінгі күнге дейінгі аспалы көпір салу мәселесінің өзектілігі ескеріліп, Дәуімбай учаскесі мен Жалағаш кенті аралығындағы темір жол өткелі мәселесі оң шешім тапқанына өз алғысын білдірді.

Аудан басшысы өз кезегінде темір жол өткелінің құрылысы жақын күндері басталатындығын айтып өтті.

Сондай-ақ, аудан әкімі «Халықтың әлеуметтік жағынан осал топтары» санаты бойынша тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға арналған 80 үй құрылысы басталатынын айтты.

Тұрғындардың жеке мәселелері назарға алынып, жауапты сала басшыларына тиісті тапсырмалар берілді.

Тұрғындар аудан әкімінің қабылдауына egov.kz порталы, е-otinish бірыңғай базасы немесе әкімдікке келіп жазбаша өтініш тастау арқылы жазыла алады.

БӨЛІСУ