Аудан әкімдігінің мәжіліс залында облыстық жұмыс топ құрамымен аудан қызметкерлеріне «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және оның алдын-алу» №4 үлгілік базалық бағытын түсіндіру мақсатында жиыны өтті.

Жиынға Жаңақорған ауданы әкімі аппаратының басшысы Б. Ахметов, облыс әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі М. Шакирбаев, облыс әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімінің бас инспекторы Б. Шерниязов, облыстық экономика және қаржы басқармасының жобалық басқару бөлімінің статисті Ә. Абсадық және онлайн байланыс арқылы Қызылорда облысының Әділет департаментінің әкімшілік-құқықтық бөлімінің бас маманы Н. Бодыбаев қатысты.
Басқосуда алғаш сөз алған Жаңақорған ауданы әкімі аппаратының басшысы Б. Ахметов сыбайлас жемқорлық әлеуметтік-экономикалық даму үдерісін, нарықтық экономиканың құрылуын, инвестициялар тарту процесін тежейтіндігін жеткізіп, ел дамуына елеулі қауіп төндіретіндігіне тоқталды.
Келесі кезекте облыс әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі М. Шакирбаев сыбайлас жемқорлықтын мәдениетін қалыптастыру және тәуекелдерін жою жайында хабарлама жасады.
Сондай-ақ, жұмыс топ өкілдері жиында көтерілген өзекті мәселелерге жауап беріп, айтылған ұсыныс-пікірлерді қаперге алатынын жеткізді.

БӨЛІСУ