Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен инфекциялық аурулар кезінде медициналық көмек көрсетуді ұйымдастырудың жаңартылған стандарты бекітілді.
Бекітілген стандартқа сәйкес инфекциялық аурулар кезінде медициналық көмекті меншік нысанына және ведомстволық тиесілілігіне қарамастан амбулаториялық-емханалық, стационарлық және стационарды алмастыратын деңгейлерде медициналық ұйымдар көрсетеді.
Стандарт медициналық көмек көрсетудің жалпы ережелерін, қағидаларын, тәртібін, жарақтандырылуын, штат санын, инфекциялық аурулар кезінде медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдары қызметінің қағидаттары мен сипаттамаларын белгілейді.
Құжатта жіті ауа-тамшы инфекцияларымен, жіті ішек және аса қауіпті инфекциялармен, сондай-ақ карантиндік инфекциялармен және созылмалы иныекциялық аурулармен ауыратын пациенттерге медициналық көмек көрсету жөніндегі жаңа бөлімдер көзделген. Сонымен қатар, инфекциялық аурулар кезінде жүкті әйелдерге, босанған әйелдерге медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру тәртібі көзделген.
Бұдан басқа, бүгінгі күні Қазақстанда инфекциялық аурулары бар пациенттерге медициналық көмек: уақытылы және сапалы медициналық қызметтер көрсетуді; барынша дәлелденген тиімділігі мен қауіпсіздігіне ие профилактиканың, диагностиканың, емдеудің және медициналық оңалтудың қазіргі заманғы әдістерін қолдануды; медициналық ұйымдардың төтенше жағдай, эпидемияға қарсы режимді және басқаларды сақтауды қамтамасыз ететін эпидемиялық ошақтар және пандемиялар жағдайында жұмысқа дайындығын қамтамасыз етуді қамтитынын атап өткен жөн.

БӨЛІСУ