2023 жылы колледждерге 50 мың қосымша мемлекеттік білім беру тапсырысы бөлінеді.
Жаңа оқу жылынан бастап сұранысқа ие мамандықтарға қатысты тегін техникалық және кәсіптік білім беру бойынша мемлекеттік тапсырысты республика бюджетінен 50 мың орынға көбейту жоспарланған. Осылайша, мемлекеттік тапсырыс бойынша білім алушылар саны 130 мың адамға жетеді, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігі.
Естеріңізге сала кетейік, өткен жылдан бастап жұмыспен қамтитын кәсіпорындардың сұранысы бойынша кадрларды мақсатты даярлау енгізілді. Мәселен, өткен жылы кәсіпорындардың өтінімдері бойынша 10 мың студент қабылданды. Биыл тағы қосымша 10 мың студент қабылдау жоспарланған. Жалпы мемлекеттік тапсырыс бойынша оқитын студенттер шәкіртақы, тамақ және жол ақысымен қамтылған.