Бүгін аудан әкімі Берік Сарменбаев кент орталығындағы Д.Қонаев көшесінде бастау алған орташа жөндеу жұмыстарының барысымен танысты.
Аталған жұмыстарды орындау “Айзон” жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне жүктелген. Аудан әкімі мердігер мекемеге атқарылып жатқан құрылыс жұмыстарының сапалы, әрі уақытылы жүргізілуін тапсырды.
Сонымен қатар, биыл Тереңөзек кентінде 12 көшеге орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған.
Атап айтқанда, Қ.Бөдеев көшесінің ұзындығы 2 км, Ә.Тоқмағанбетов көшесінің ұзындығы 0,8 км, Ә.Тәжібаев көшесі ұзындығы 0,5 км, А.Алиакбаров көшесі ұзындығы 1,9 км, Айтбай арық көшесі ұзындығы 0,5 км, Д.Қонаев көшесі ұзындығы 1,3 км, Б.Момышұлы 1,2,3,4,5,6 көшесі ұзындығы 1,8 км мердігер мекемелері анықталып, тиісті жұмыстар жасалуда. Ал А.Тоқмағанбетов 2,4,5,6, Б.Өтепов, С.Усабаев, Ә.Найзабаев, Т.Қозыбаев көшелері бойынша мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілуде.