Қызылорда қаласы әкімдігі жанынан құрылған жедел топпен жастар мен жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықты алдын алу мақсатындағы рейд жұмыстары жалғасуда.

Қала әкімінің орынбасары Жанмұрат Сейілов жетекшілік ететін құрамында қалалық полиция басқармасы, білім бөлімі, қоғамдық даму бөлімінің қызметкерлерінен жасақталған жедел топ қаладағы бірнеше мөлтек аудандар мен көңіл көтеретін орындарды аралап, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Рейд барысында жастар мен жасөспірімдерге профилактикамен қатар, әскери борышын өтеуден жалтарып жүру салдары Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 387-ші бабына сәйкес жауапкершілікке алып келетіндігі жөнінде түсіндірілді.

Бұл бағыттағы жұмыстар күнделікті жүргізіледі. Ата-аналарға заңды өкілінсіз балаларын беймезгіл уақытта үйден тыс жіберулеріне тыйым салынады.

БӨЛІСУ